RU
Толық нұсқаға өту

Ирак Түркияға құбыр арқылы мұнай жөнелтті

18.11.2026, 07:30 28

Ирак он жылдан астам уақыттан бері алғаш рет Киркук-Джейхан құбыры арқылы мұнай экспортын қайта бастады. Құбырдың ұзындығы шамамен – 960 шақырым. Елдің солтүстігіндегі кен орындарын Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы айлағымен байланыстырады.

Бастапқыда тәулігіне шамамен 120 мың баррель мұнай жіберу жоспарланып отыр. Кейін 500 мың баррельге дейін арттыру көзделген. Құбырдың жұмысы 2014 жылы ДАИШ содырларының шабуылдарынан кейін тоқтатылған болатын. Көпжылдық үзілістен кейін бұл бағыттың қайта жандануы Бағдадқа шикізатты Ормуз бұғазын пайдаланбай-ақ шығаруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz