АҚШ-та бұрынғы президент Джо Байденнің естелік кітабы сатылымға шықты, деп хабарлайды 24KZ.
«Уәде бер маған, Америка» деп аталған шығармада 83 жастағы саясаткер Ақ үйді басқарған кезеңін егжей-тегжейлі жазған. Әсіресе 4 жылда әлем назарын аударған басты оқиғаларға кеңінен тоқталды. Байден тараулардың көпшілігін өзіне емес, өзге мемлекет басшыларына арнаған. Кітапта қазіргі президент Дональд Трамптың есімі жиі аталады. Оның ішінде екеуінің сайлауалды тартыстары ғана емес 2021 жылдың 6 қаңтарында болған оқиғалар туралы пікір де бар. Байден қатерлі ісіктен емделіп жатқандықтан оқырмандармен жеке кездесе алмайтынына өкініш білдірді. Әлеуметтік желідегі жазбасында экс-президент бұл олқылықтың орнын толтыруға уәде етті.
Тегтер #Джо Байден #кітап #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz