Америкалық Cargo Dragon ғарыш кемесі жерге қонуға дайындалып жатыр. Ол Халықаралық ғарыш станциясынан бірер сағатта ажырауы тиіс. SpaceX компаниясының орбиталық зымыраны ашық кеңістікте бір ай уақыт болды, деп хабарлайды 24KZ.
Осы аралықта аса құнды ғылыми деректер жинады. Бастапқыда Cargo Dragon Халықаралық ғарыш станциясына 2 жарым тонна азық-түлік жеткізді. Сонымен қатар ғарышкерлерге ғылыми тәжірибелер жасайтын қондырғылар алып барды. Бұл миссия НАСА мен SpaceX келісімшартының аясында ұйымдастырылды. Себебі Cargo Dragon ғарыштан жерге жүк жеткізе алатын жалғыз кеме.
Тегтер #ғарыш #Cargo Dragon #Жер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz