RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда салмағы жеті тонна дрон сынақтан өтті

18.11.2026, 18:30 17

Қытайда әлемдегі ең ауыр жүк тасымалдайтын дрон сынақтан өткізілді. Салмағы – 7 тонна. Құралдың әуедегі қозғалысын жерүсті басқару стансасы бақылап отырды, деп хабарлайды 24KZ.


Тексеру барысында мамандар жүктердің діттеген жерге дәл қонуын және басқа да негізгі параметрлерді сынап көрді. Жоба авторларының мәліметінше, дронды табиғи апаттардың салдарын жоюға және жетуі қиын аймақтарға гуманитарлық көмек апаруға қолдануға болады. Аппараттың ұшуы мен қонуы үшін аумағы бес жүз метрден де аз алаң жеткілікті. Бұл оны биік таулы аудандарда пайдалануға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz