RU
Толық нұсқаға өту

Иран АҚШ базаларына шабуыл жасады

19.11.2026, 07:20 7

Иран Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ-тың әскери базаларына қайта-қайта соққы жасап жатыр. Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметі бойынша, Кувейттегі Али Әл-Салем әуе базасы шабуылға ұшыраған. Мұнда америкалық Patriot әуе қорғаныс жүйелері, зымырандар мен дрон қондырғылары орналасқан.

Тегеран бұл әрекетін АҚШ-тың аймақтағы әскери белсенділігінің күшеюімен түсіндірді. Ал Бахрейн билігі Иран ұшырған бірнеше дронның әуе кеңістігінде жойылғанын хабарлады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы да әскери нысандарға зиян келмегенін растады. Сарбаздар арасында да зардап шеккендер жоқ. Алайда шабуылдар Парсы шығанағындағы ахуалды одан әрі ушықтырды. Кувейт Иранның әрекетін ел егемендігіне қол сұғу әрі ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер деп бағалады. Ал Бахрейн Тегеранды қылмыстық шабуыл жасады деп айыптаса, Қатар мұндай әрекеттер аймақтағы тұрақтылыққа нұқсан келтіретінін мәлімдеді.  а

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz