RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та қалқымалы күн электр станциялары көбейді

19.11.2026, 09:10 45

АҚШ-тың Флорида штатында қалқымалы күн электр станцияларына сұраныс артты. Күн панельдері жасанды су қоймаларына орналастырылады. Олардың басты артықшылығы – ауыл шаруашылығына немесе құрылысқа пайдалануға болатын жер аумағын алмайды.

Сондай-ақ судың булануына жол бермейді. Бұл әсіресе құрғақшылықтан зиян шегетін өңірлер үшін өзекті. US News басылымының мәліметіне сүйенсек, қалқымалы күн электр жүйелері дәстүрлі күн батареяларымен салыстырғанда шамамен 8 пайызға көп энергия өндіреді. Қазір Флорида штатында жұмыс істеп тұрған осындай нысандардың жалпы қуаты шамамен 15 мегаваттқа жетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz