Жасанды интеллектіге негізделген Anthropic компаниясы өз акцияларын саудалап, рекорд орнатты. Нью-Йорктегі қор биржасында техноалпауыттың бір акциясы 83 долларға бағаланған, деп хабарлайды 24KZ.
Барлығы 980 млн акция сатылымға қойылды. Қазірдің өзінде Anthropic-тің пайдасы 81,3 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Соңғы мәліметтерге сәйкес компанияның жалпы құны 1,5 трлн-ға жуықтады. Биржадан түскен пайданы техноалпауыт инфрақұрылым әлеуеті мен есептеу қуатын арттыруға жұмсамақ. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қор биржасында акция саудалап, пайда түсіру бойынша рекордты биылғы маусымда SpaceX компаниясы орнатқан еді. Ол кезде Илон Масктың ғарыш корпорациясы 75 млрд доллар табысқа кенелген.
Тегтер #24KZ #Anthropic #Нью Йорк #жасанды интеллект #Илон Маск #рекордPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz