Әлем 2 млрд 800 млн баррель мұнай және 60 млрд текше метрге жуық газдан қағылды. Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы бері Парсы шығанағы елдері осындай көлемде шикізатты халықаралық нарыққа жеткізе алмай қалды. Бұл туралы Халықаралық энергетикалық агенттіктің жаңа есебінде айтылды. Агенттік нарықтағы қазіргі жағдайды «ең ірі жаһандық энергетикалық дағдарыс» деп атады.
Сарапшылар Ормуз бұғазына тәуелділікті азайтудың бір жолы ретінде жаңа құбыр желілерін салуды ұсынып отыр. Ұйымның мәліметіне сүйенсек, мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін шамамен 40 млрд доллар қажет. Жаңа құбырлар іске қосылса, 2030 жылға қарай Ормуз арқылы өтетін тауар көлемін екі есеге жуық азайтуға болады.
Тегтер #ХЭА #мұнай #баррель #газ #қақтығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz