RU
Толық нұсқаға өту

Дания парламенті Гренландиядағы АҚШ базаларын ұлғайту келісімін мақұлдады

20.11.2026, 14:27 16

Дания парламенті АҚШ-тың Гренландиядағы әскери базаларын ұлғайтуға мүмкіндік беретін келісімді бірауыздан мақұлдады. Тараптар құжатқа қыркүйек айында қол қойған. Тек Дания парламентінің бекітуі қалған еді, деп хабарлайды 24KZ.

Құжатты 109 депутаттың барлығы қолдады. Жаңа уағдаластық АҚШ пен Дания арасындағы 1951 жылғы әскери келісімді толықтырады. Жаңа шартта Данияның Гренландияға қатысты егемендігі мен арал халқының өзін-өзі билеу құқығының сақталатыны жазылған. Сондай-ақ аралда тағы екі әскери нысан салуға рұқсат берілген. «Дания премьер-министрі бұл шешім Еуропаның ортақ қауіпсіздік мүдделеріне сай келеді», – дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz