Дональд Трамп америкалық компаниялардың дата-орталықтарды шетелде салуына шектеу енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында ол мұндай жобаларға қомақты салық пен айыппұл салу мүмкіндігін көтерді. АҚШ президенті бұл бастаманы елдің технологиялық басымдығын сақтап қалу қажеттілігімен байланыстырды. Алайда шектеудің нақты шарттары мен күшіне енетін мерзімі әзірге белгісіз. Америкалық технологиялық алпауыттар шетелде деректер орталықтарын салуға миллиардтаған доллар инвестиция құйып келеді. Мәселен, Google Финляндиядағы цифрлық инфрақұрылымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ал Microsoft пен Amazon Еуропа және Азия елдерінде осындай орталықтарды іске қосқан.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
– Біз америкалық компаниялардың шетелде деректер орталықтарын салуына жол бермейміз. Бұған дейін микрочиптер мен басқа да технологияларды шетелге шығаруға рұқсат етілді. Бұл елімізге орасан залал келтіріп, технологиялық бәсекеде артта қалуымызға себеп болды. Компаниялар басқа елдерде деректер орталықтарын салатын болса, оларға өте жоғары салық пен қатаң айыппұл саламыз. Өйткені мұндай орталықтар Қытайдың қолына өтуі мүмкін. Мысалы, олар Финляндияда осындай нысан салғысы келеді. Бірақ біз бұған жол бермейміз.
Тегтер #24KZ #Вашингтон #АҚШ #дата орталық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz