Ыстамбұлда Айя София мешітінің астында 9 жерасты өткелі мен 6 бөлме табылды, деп хабарлайды 24KZ.
Мұны елдің Туризм министрлігі хабарлады. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде табылған өткелдің ұзындығы 420 метрден асады. Одан бөлек, ежелгі қаланың орны да анықталды. Құрылысшылар үш мың тоннадан астам топырақты шығарып, ескерткіш болуы мүмкін нысандарды тазалап үлгерді. Жергілікті билік туристер үшін қауіпсіз бағыт ашпақ. Айта кетейік, Айя София шіркеу ретінде 6 ғасырда салынып, жүздеген жылдар бойы ең ірі христиандық ғибадат орны болып келді. Осман әскері 1435-і жылы Константинопольді басып алғаннан кейін мешітке айналдырып, тура 600 жылдан кейін музей мәртебесі берілді. Ал 2020 жылы қайтадан мешітке айналды.
Тегтер #24KZ #Айя София #Түркия #ЫстамбұлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz