RU
Толық нұсқаға өту

Иран АҚШ-пен келіссөзге дайын

21.11.2026, 15:15 23

Иран АҚШ-пен ядролық келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді. Ресми Тегеран уранды 60 пайызға дейін байыту мәселесін талқылауға әзір, деп хабарлайды 24KZ.

Алайда уран қорын ел аумағынан шығаруға келіспейді. Аракчи Иранның ұлттық мүддесін қорғайтын әрі жаңа соғыстың алдын алатын ұзақ мерзімді келісім қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қатар мен Пәкістанның арағайындық танытуымен АҚШ – Иран арасында ұсыныс алмасу жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz