RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Канада қорғанысына қолдауды азайтады

21.11.2026, 15:30 17

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Канадамен әскери ынтымақтастыққа шектеулер енгізді, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы The Washington Post газеті хабарлады. Қабылданған шешім нақты қай бағытқа әсер ететіні ашық айтылмады. Басылымның мәліметінше, Вашингтон мен Оттава барлау ақпараттарымен әрі қарай да алмаса береді. Екі ел НАТО аясындағы және Солтүстік Американың әуе-ғарыш қорғанысы қолбасшылығы шеңберіндегі ынтымақтастығын жалғастырады. Бұған дейін АҚШ президенті Канаданы «НАТО-ның мақсатын орындамай отыр» деп бірнеше рет айыптаған. Яғни бұл ел жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын қорғаныс шығындарына бөліп отыруы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz