Үндістанның шығысында «Акван» циклонына байланысты 400 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24KZ.
The Hindu газетінің хабарлауынша, тұрғындар арнайы дайындалған уақытша паналау орындарына орналасты. Аймақта екпінді жел соғып, нөсер құйды. 400-ден астам құтқару жасағы жұмылдырылып, апат салдарын азайту шаралары қолға алынды. Теміржол қатынасы, мектептер мен балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтап тұр. Мамандар: «Циклон бәсеңдеп, елдің солтүстігіне қарай жылжып барады», – дейді. «Акван» – кейінгі 4 аптаға жуық уақыт ішінде Үндістанға соққан үшінші тропикалық дауыл.
Тегтер #24KZ #Үндістан #дауыл #циклонPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz