Бразилияның оңтүстігінде алапат дауыл тұрып, 3 адам мерт болды. 8 мың тұрғын үй қирап қалды. Риу-Гранди-ду-Сул штатында дүлей желдің екпіні сағатына 114 шақырымға жеткен, деп хабарлайды 24KZ.
Ғимараттардың шатырын ұшырып, талдарды құлатып, электр бағаналарын зақымдаған. Азаматтық қорғаныс қызметі табиғи апатты сирек кездесетін атмосфералық құйынмен байланыстырады. Қазір аймақты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Тегтер #24KZ #Бразилия #дауыл #мерт болдыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz