RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда өрт кезінде 36 адам жоғалып кетті

22.11.2026, 17:06 26

Индонезияда кондитерлік зауыт өртеніп, үш адам көз жұмды. Тағы 36 жұмысшы жоғалып кеткен. Оқиға ел астанасы Джакартаға жақын орналасқан Бантен провинциясында болды, деп хабарлайды 24KZ.

Өрт кезінде зауытта 60 шақты адам жұмыс істеген. Құтқарушылар 15 қызметкерді ажалдан арашалап қалды. Төртеуі ауруханаға жеткізілді. Әзірге өрттің неден болғаны белгісіз. Апат себептері анықталып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz