Кеше Индонезиядағы кондитерлік зауытта шыққан өрт кезінде 7 адам мерт болған, деп хабарлайды 24KZ.
Тағы 42 жұмысшы іздестіріліп жатыр. Оқиға Ява аралының батысындағы Серанг округінде болған. Компания мәліметі бойынша өрт болған күні зауытта 300-ге жуық қызметкер жұмыс істеген. Құтқарылған жұмысшылардың айтуынша, от өндірістік ғимараттың үшінші қабатындағы салқындатқыш құрылғыдан шыққан. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Тегтер #Индонезия #өрт #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz