АҚШ жаңадан 15 жаңа ірі әскери кеме жасайды.
Президент Дональд Трамптың бастамасымен Пентагон әскери-теңіз флотындағы кеме санын 286-дан 381-ге дейін көбейтпек. Конгрестің Бюджет басқармасы, жобаны жүзеге асыру үшін алдағы 30 жылда жыл сайын орта есеппен 54 миллиард доллар қажет екенін айтқан. Бұл сарапшылардың болжауынан әлдеқайда көп. Сарапшылар Иранмен қақтығыс АҚШ флотына салмақ түсіргенін алға тартады. Кей әскери кемелер теңізде 10-11 айға дейін жүруі себепті жоспарлы жөндеу жұмыстары кейінге қалған. Жалпы АҚШ-тың ұшақ тасығыштары Тынық мұхитында үш ай бойы бұрын-соңды жүрмеген екен.
Тегтер #АҚШ #әскери кеме #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz