RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та жеті мың әуе рейсі кешікті

23.11.2026, 11:09 18

АҚШ-та кейінгі бір тәулікте 7 мыңнан астам жолаушылар ұшағы кешікті.

FlightAware жүйесі келтірген дерек бойынша олардың 2 мыңға жуығы Delta Air Lines әуе компаниясының рейстері. Бұған компанияның автоматтандырылған жүйесіндегі техникалық ақау себеп болған. Атап айтқанда, ұшақтардың ұшар алдындағы салмағы мен тепе-теңдігін есептейтін жүйе істен шыққан. Ал мұндай деректерсіз әуе кемелерін рейске жіберу қауіпті. Қазір техникалық ақау жойылып, жүйе қайта іске қосылған. Бұдан бөлек Нью-Йорк пен Бостон қалаларында да қатты жел мен көріну деңгейінің төмендеуі салдарынан рейстер кешіккен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz