Солтүстік Корея кез келген елмен стратегиялық әріптестікті нығайтуға әзір.
Тек бір шарты бар. Екінші жақ Пхеньянның егенмендігін мойындауы тиіс. Мұны Солтүстік Корея басшысы жаңа елшілерден сенім грамотасын қабылдау кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Шығыс Азиядағы геосаяси ахуал күрделі, сондықтан қорғанысты күшейту маңызды. Әйтсе де Ким Чен Ын: "Солтүстік Корея әлемді қарудың күшімен бағындыруға ниетті емес", - дейді. Жиынға жаңадан тағайындалған 10 елдің дипломаты қатысқан. Олардың қатарында Индонезия, Швеция, Вьетнам, Ресей және тағы бірнеше елдің өкілі бар.
Тегтер #Ким Чен Ын #Солтүстік Корея #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz