Тиісті заңға Президент Дональд Трамп қол қойды.
Өйткені әр пеннидің құны 4 центке тең. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Биліктегілер бұдан былай жылына 56 млн доллар үнемдейміз деп отыр. Құрама Штаттардың Қаржы министрлігінің дерегі бойынша қолданыста мұндай 114 млрд-қа жуық металл ақша бар. 1 центтік монеталар әзір айналымнан шықпайды. Әйтсе де, қолма-қол ақшаға қатысты заң өзгереді. АҚШ-та ең ұсақ ақша өлшемі енді 5 пенниге тең болады. Бірақ бұл талаптың карта және қолма-қол ақшасыз төлемдерге қатысы жоқ.
Тегтер #АҚШ #монета #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz