Индонезияда кондитерлік фабрикадағы өрттен қаза тапқандар саны 24-ке жетті. Бұған дейін 34 адам іс-түссіз жоғалды деп хабарланған еді. Қазір үйінді астынан мәйіттерді іздестіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
«Жергілікті билік табылған денелер қатты күйіп қалғандықтан, марқұмдардың кім екенін анықтау мүмкін болмай тұр», – дейді. Сондықтан өрт кезінде ғимаратта болған барлық қызметкерлердің туыстарынан ДНҚ сынамалары алынды. Кеше Индонезия астанасы Джакартаға жақын маңдағы 3 қабатты фабрика өртенді. Оқиға кезінде өндіріс орнында 63 адам болған. Оның 29-ы құтқарылды. Алдын ала тергеу бойынша өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан.
Тегтер #24KZ #Индонезия #өрт оқиғасы #қаза тапқандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz