Еуроодақтың ауызбіршілігіне қауіп төнді. Бұл туралы Guardian басылымы жазды. Алдағы бір жылда кәрі құрлықтың бірнеше елінде сайлау өтеді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл айда Испания бастайды. Келер жылы Франция, Польша, Италия, Эстония, Финляндия, Грекия және Словакия халқы дауыс береді. Германияның 5 федералды аймағында жергілікті парламент сайлауы белгіленіп отыр. Сарапшылар кәрі құрлықта одақтық құндылықтарды қолдайтын билеуші партиялардың ықпалы әлсірей бастағанын айтады. Қазір еуропаның әр төртінші азаматы керісінше ұлтшыл күштерді қолдайды. Бұл 1990 жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Ал ұлтшыл партиялар ортақ еуропалық мүддеден гөрі өз дербестігін нығайтуды көздейді. «Саяси науқанның қорытындысы Еуроодақтың саясатына кері әсер етуі мүмкін», – дейді сарапшылар.
Тегтер #24KZ #Еуроодақ #қауіп #кәрі құрлық #сайлау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz