Испаниялық Марк Маркес MotoGP жарысының 8 дүркін чемпионы атанды. Бұл мотоцикл жарысының жоғарғы дивизионындағы айтулы жетістік.
«Дукатти» командасының жүргізушісі тарихи жеңіске Португалияда өткен 21-ші кезеңде қол жеткізді. Ол осы чемпионатта бар болғаны 8-ші орынға табан тіреген еді. Алайда жалпы кезеңде жинаған ұпай саны испаниялықты мерзімінен бұрын жеңімпаз атандырды. Марк Маркес әйгілі италиялық мото-шабандоз Джакомо Агостинимен бірдей дәрежеге қол жеткізді. Ол 1975-і жылы 8 дүркін чемпион атанған.
Тегтер #24KZ #Португалия #Марк Маркес #чемпион #мотокөлікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz