Иран АҚШ-тың Еуропадағы әскери базаларын да шабуылдауы ықтимал. Тегеран осыны ескертті. Өйткені Вашингтон кәрі құрлықтағы қаруын Тегеранға қарсы қолданбауы керек. Иран парламенті Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті төрағасының орынбасары осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Оның айтуынша, АҚШ-тың әскери әрекеттерін бұған дейін Еуропаның бірнеше елі қолдамаған еді. Енді Вашингтон бірқатар мемлекетпен қайта келісім жасап жатыр. Бұл арада Дональд Трамп та екі жақ келісе алмаса, жаңа жылдан кейін Иранға әскери соққы жасайтынын ескертті.
Тегтер #Иран #АҚШ #Еуропа #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz