Әлем бойынша азық-түлік тапшылығы өткір тұр. Қазір 266 млн адам ас-суға зәру. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының атқарушы директоры мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Ұйымның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы келер жылы қосымша шығын көлемі 727 млн долларға жетуі ықтимал, деп отыр. Бұл – жеті млн-нан астам адамға гуманитарлық көмек жетпей қалуы мүмкін деген сөз. Азық-түліктің қымбаттауына Ормуз және Баб-эль-Мандеб бұғаздары, сондай-ақ Қара теңіз арқылы өтетін теңіз тасымалындағы ір-кілістер себеп. Айта кетейік, әлемдегі тыңайтқыш көлемінің 30 пайызы Ормуз бұғазы арқылы тасымалданады.
Тегтер #БҰҰ #азық түлік #тапшылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz