АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско мен Аламеда қалаларын су басты, деп хабарлайды 24KZ.
Сан-Франциско шығанағында теңіз деңгейі қалыпты мөлшерден 9 метрге дейін көтерілуі ықтимал. Мамандардың айтуынша, басты себеп – мұхит суының жыли бастауы. Ал Тынық мұхиты жағалауындағы су деңгейі кейінгі 40 жылдағы рекордты жаңартуы мүмкін. Алдағы күндері АҚШ-тың батысында тағы да жауын селдетіп, дүлей жел тұрады. Ұлттық метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, тасқын қаупі одан әрі күшейген.
Тегтер #24KZ #АҚШ #Калифорния #Сан Франциско #тынық мұхиты #Таңдаулы #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz