RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ бірқатар елдерге баж салығын көбейтуге ниетті

25.11.2026, 08:00 14

Кеше ғана Азия елдерін аралап, Қытайда алқалы жиындарға қатысқан Дональд Трамп сапардан көңілсіз оралған тәрізді, деп хабарлайды 24KZ.

АҚШ Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропалық одақтың 27 еліне баж салығын көбейтуге ниетті. Бұл жайында Bloomberg агенттігі хабарлады. Ресми Вашингтон бұл елдер өз өнеркәсіптеріне мемлекеттік субсидия береді деп айыптайды. Мұндайда ашық бәсеке болмайды. «Бұл америкалық өндірушілерге қарсы әрекет», – дейді АҚШ тарапы. Әзірге баж салығының нақты мөлшері белгісіз. Бірақ ең жоғарғы тариф Қытайға салынады деген хабар бар. Өз кезегінде ресми Бейжің мұндай шектеулерге біз де жауап береміз деп ескертті. Сарапшылар: «Баж салығының өсуі импорттық тауарлардың қымбаттауына және халықаралық сауда байланыстарының өзгеруіне әкелуі мүмкін», - деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz