RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ: ЖИ әскери мақсатта қолданылмауы тиіс

25.11.2026, 08:20 6

Жасанды интеллектіні әскери мақсатта қолдануға болмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында осылай деп ескерту жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Гуттериш жасанды интеллектінің барлау жүргізу мен нысананы анықтаудағы рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай технологиялар мемлекеттермен қатар қарулы топтардың да қолына түсуі мүмкін. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы адамның бақылауынсыз нысана таңдап, адам өміріне қауіп төндіретін автономды қару-жарақ жүйелеріне тыйым салуға шақырды. Сондай-ақ осы бағытта халықаралық деңгейде міндетті құқықтық келісім әзірлеу жөнінде шұғыл келіссөздер жүргізуді ұсынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz