RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Корея емтихан ережерелін қатаңдатты

25.11.2026, 08:30 15

Оңтүстік Кореяда оқушы емтиханда телефон қолданса барлық ұпайы жойылады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған жасанды интеллект арқылы көшіру деректерінің жиілеуі себеп. Елдің Білім министрлігі жаңа ережелерді таныстырды. Енді емтихан басталмай тұрып, оқушылар телефондарын және басқа да электрондық құрылғыларын тапсырады. Сондай-ақ тест кезінде Wi-Fi желісі өшіріледі. Ал көшіру дерегі туралы хабарлаған адамға 370 мың долларға дейін сыйақы бар. Өйткені таяуда ұлттық емтиханға қатысушылардың бірі жоғары ұпай алу үшін жасанды интеллект қолданғанын мойындаған. Осы оқиғадан кейін президент Ли Чжэ Мён білім беру жүйесінде бақылауды күшейтуді тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz