RU
Толық нұсқаға өту

NBC: АҚШ Иранға жаңа соққы жасауы мүмкін

25.11.2026, 13:40 16

АҚШ әкімшілігі Иранға қарсы жаңа соққы жасау мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы NBC News телеарнасы хабарлады, деп хабарлайды 24KZ.

АҚШ әкімшілігі Иранға қарсы жаңа соққы жасау мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы NBC News телеарнасы хабарлады. Қазір америкалық шенеуніктер арасында бұл мәселеге қатысты ортақ ұстаным жоқ. Бірі әскери күш қолдану қақтығысты қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді деп санайды. Ал қарсы тарап шабуылдар Тегеранның ұстанымын одан әрі қатаңдатып, бейбіт келіссөздерге кедергі болатынын ескертті. Бұл тұста Пентагон да қарымта соққы мен лауазымды тұлғаларының қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Әйтсе де Дональд Трамп әзірге түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz