RU
Толық нұсқаға өту

ЕО шетелдік көліктер импортын шектейді

25.11.2026, 14:00 23

Келесі айдан бастап Еуропа аумағына Қытайдың гибридті көліктері біртіндеп кіргізіледі, деп хабарлайды 24KZ.

ЕуроОдақ импортқа уақытша квоталар енгізбек. Бұл шектеулер келер жылдың маусымына дейін қолданылады. Өйткені қазір Еуропа нарығын үшінші елдерден импортталатын көліктер жаулап алған. Ал жергілікті өндірушілер электромобиль өндірісін жеделдетуге мәжбүр. Бұл компаниялардың қаржылық бюджетіне қосымша салмақ түсіреді. Сондықтан Еуропалық комиссия шетелдік брендтермен бәсекеге жауап ретінде шектеу шараларын қабылдап отыр. Енді жаңа талапқа сәйкес Қытайдан жеткізілетін автокөлік саны – 88 мыңнан, Жапония – 78,6 мыңнан, ал АҚШ-тан келетін көлік 8 жарым мыңнан аспауға тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz