RU
Толық нұсқаға өту

ЕО технологияны дамытуға 50 млрд еуро бөледі

26.11.2026, 07:29 28

Еуропалық Одақ технологияны дамытуға 50 миллиард еуроға дейін қаржы бөледі.

Негізгі басымдық жасанды интеллект пен кванттық есептеу жүйелерін қамтиды. Еуропа осы арқылы АҚШ пен Қытайға тәуелділікті азайтуды көздейді. Өйткені бұл салада әзірге американдық компаниялар көш бастап тұр. Былтыр әлемдік венчурлық инвестицияның 75 пайызы АҚШ-қа тиесілі болса, кәрі құрлықтың үлесі небәрі 6 пайыз болған. Еуропалық Одақ енді жетекші ғылыми орталықтарын бір желіге біріктірмек. Бұл зерттеушілерге ортақ зертханалар мен есептеу ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаның толық жоспары ақпан айында таныстырылады. Брюссель кванттық технологияларға да үлкен үміт артып отыр. Болжам бойынша 2040 жылға қарай бұл нарықтың көлемі 155 миллиард еуродан асады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz