Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам ажал құшты.
Тағы 21-і зардап шеккен. Бұдан бөлек жиырмадан астам жеңіл көлік пен мотоцикл жанып кеткен. Қайғылы оқиға ел астанасы Каирді айналып өтетін Гиза қаласының Әл-Варрак ауданында болған. Қазір өрт сөндірілген, біраз адам құтқарылды. Әйтсе де, мамандар құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін айтады.
Тегтер #Мысыр #жанармай #24KZ #көлікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz