RU
Толық нұсқаға өту

Жапония Фудзи жанартауына барар жолға блок бекет орнатты

26.11.2026, 08:21 21

Көше тазалығы бойынша үлгі болар ел - Жапония. 

Мұнда ел айтып жатқандай көшеде қоқыс жәшігі жоқ. Темекі шексеңіз қалдығын немесе қол сүрткен қағазыңызды үйіңізге алып кетуге тиіссіз. Немесе арнаулы орынға апарып тастайсыз. Көшеде көлденең қылау жатпайды. Жапондар қала іші тұрмақ, тау-тастағы тәртіпке де алаңдайды. Тіпті Фудзи жанартауына бара жолға блок бекет орнатып қойған.

Которо Нагасаки, Яманаси префектурасының губернаторы:                                                                                                                                                                           

- Туристердің көптеп келгені, әрине жақсы. Бірақ жергілікті тұрғындар үшін кішкентай қоқыстың өзі экологиялық апатпен пара-пар. Сондықтан осындай шара қабылдауға мәжбүр болдық. Әр кірген, шыққан адамның заттары тексеріліп, заңсыз қалдық тастады ма, жоқ па тексереміз. Бұл ресурс жұмсап, күнделікті туристік бағыттардағы қоқысты жинағаннан әлдеқайда тиімді. Шет мемлекеттерден келген қонақтарды қорқытқымыз келмейді. Тау бөктеріне көтерілуді шектемейміз. Тек қоршаған ортаға, келген елге құрметпен қарауды ескертеміз. 

Жапонияда қоқыс та аз. Тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша көрсеткіш биыл былтырғымен салыстырғанда 2,2 пайызға төмендеген. Мұнда жан басына шаққанда бір азамат күніне тек 839 грамм қоқыс тастайды. Осы себепті, яғни қоқыс азайғандықтан тұрмыстық қалдық өңдейтін мыңға тарта зауыт жабылып қалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz