RU
Толық нұсқаға өту

Конгода Эбола безгегіне қатысты дау шықты

26.11.2026, 09:00 26

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетіне қатысты дау туындады.

Елдің шығысындағы Бени қаласында қауіпті дерттен көз жұмғандардың мәйіттері жоғалып, кейбірі туыстарының хабарынсыз жерленген. Марқұмдардың туыстары жерлеу рәсіміне қатыса алмадық деп наразылық білдіріп, мәйітхана алдына жиналды. Ресми мәлімет бойынша мамыр айынан бері өңірде мыңнан астам адам Эбола жұқтырып, оның 650-ге жуығы жан тапсырған. Сарапшылар бұл жағдай жергілікті тұрғындардың медицина мекемелеріне деген сенімін одан әрі әлсіретуі мүмкін, деп отыр. Өйткені жергілікті халықтың басым бөлігі дәрігерге емес, емшілерге жүгінеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz