RU
Толық нұсқаға өту

Ирак билігі күрдтердің мұнай экспортына араласуын реттеуді көздейді

26.11.2026, 09:20 24

Ирак билігі ресми Бағдад пен Ирактағы күрдтер аймағы арасындағы дауды реттеу үшін ұлттық диалог өткізуді ұйғарды.

Келіссөздер 2026 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған. Диалогқа ел президенті, премьер-министр, парламент спикері және Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы бастаған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Тараптар мұнай экспорты мен шекаралық өткелдерді бақылауға байланысты бір келісімге келе алмай отыр. Ресми Бағдад бұл салаларды орталық үкіметтің бақылауына беруді талап етсе, Күрдістан билігі бұл бір жақты әрі конституцияға қайшы шешім деп санайды. Алдағы келіссөздер осы саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешуді көздейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz