АҚШ 14 елге жаңа баж салығын енгізбек.
Кеше ақпарат құралдары жасаған болжамды Ақ үй әкімішілігі растады. Жаңа тариф Құрама Штаттардың Қытайдан бастап, Еуропалық Одақ, Жапония, Үндістан сынды ірі сауда серіктестерін қамтиды. Мұндағы мақсат импортты азайту. АҚШ Сауда өкілінің кеңсесі базалық тариф мөлшерлемелерін 20-дан 40 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Қытайға 20, Еуроодақ елдеріне 15 пайыздық салық салу көзделген. Бұдан бөлек Бразилиядан импортталатын ұшақтар мен қантқа жаңа баж салығын енгізу көзделіп отыр. Кейбір тауарлар салықтан босатылады. Оған мұнай, газ және АҚШ-та өсіруге келмейтін азық-түлік өнімдері кіреді. Сондай-ақ фармацевтикалық препараттар мен маңызды минералдар сияқты салалық тарифтер қолданылып жүрген тауарлар да жаңа баж салығынан босатылуы мүмкін. Тарифтер 25 қаңтарда өтетін қоғамдық тыңдаулардан кейін күшіне енеді.
Тегтер #АҚШ #баж салығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz