Испанияның Жерорта теңізіндегі Ибица аралы маңында дизель отыны тиелген танкер суға батып кетті, деп хабарлайды 24KZ.
Мальта туын көтерген кеме Барселонаға баруы керек еді. Бортта 17 адам болған. Құтқарушылар экипаж мүшелерінің барлығын судан алып шықты. Өкінішке қарай, 1 адам ауруханада көз жұмды. Тағы 6-ы суық тиіп, ауырып қалған. Танкерде шамамен 7 мың тонна дизель отыны болған. Оның теңізге төгілген-төгілмегені әзірге белгісіз. Дегенмен билік төтенше жағдай ретінде әрекетке көшті. Апат орнына арнаулы мамандар мен барлаушы ұшақтар жіберілген. Ал оқиғаның себебі әзірге белгісіз.
Тегтер #Ибица #дизель #танкер #Испания #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz