RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та миллионға жуық үй жарықсыз қалды

27.11.2026, 07:49 24

АҚШ-та алапат дауыл мен нөсер салдарынан миллионға жуық үй мен кәсіпорындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24KZ.

Елді мекендерді су басып жатыр. Кейбір аймақтарда желдің екпіні сағатына 112 шақырымға жеткен. Ал орталық штаттарды қалың қар түскен. Ал Калифорния және Орегон штаттарында мұхит суының деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті. Мамандардың айтуынша, бұл – Ай мен Күннің тартылыс күшінен туындайтын ерекше құбылыс. Мұхит тасыған соң жағалауы су басып, бірқатар тасжол жабылды. Ел ішінде және халықаралық бағыттарда 2 мыңнан астам әуе рейсі кешікті. 400-ден астам ұшқан мүлде ұшқан жоқ. Нью-Йоркте дәстүрлі «Мэйси» шеруі жүз жылдық тарихында алғаш рет кейінге шегерілді. Биыл бұл мерекенің 100-інші шеруі енді 28 қарашада өтуі тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz