Ливандағы қақтығыс аяқталғанына қарамастан, Израиль елдің оңтүстігін әлі де шабуылдап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Әсіресе Кафартабнид, Харит қалалары және Набатия провинциясына соққыны үдетті. Осы жазда Израиль әскері Батыс Завтардан шығарылған болатын. Артынша оңтүстік аймақтардан біртіндеп кетуі тиіс еді. Өйткені тараптар сәуірде АҚШ-тың араағайындығымен атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бұған қарамастан, шабуылдар жалғасып, бірқатар өңірде тұрғын үйлер қиратылған. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2 наурыздан бері 4 мың 390 адам қаза тапқан.
Тегтер #Израиль #Ливан #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz