Жапонияда хакерлік шабуылдардан қорғау мақсатында арнайы топ құрылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жаңа құрылым премьер-министр Санаэ Такаичидің шұғыл жоспары аясында іске қосылды. Мамандардың басты міндеті – хакерлердің нысанасына айналуы мүмкін компания желілерін тексеріп, киберқауіптің алдын алу. Егер қандай да бір күдікті әрекеттер байқалса, сарапшылар бизнес өкілдеріне қорғаныс деңгейін күшейту бойынша ұсыныстар береді. Әсіресе маңызды инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігіне басымдық берілмек. Жапония билігі мұндай шаралар қауіпті дер кезінде анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін алға тартады.
Тегтер #Жапония #хакерлік шабуыл #арнайы топ #сарапшыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz