Мысырда қайғылы апатқа байланысты көлік жүргізушісі қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетсек, Гиза қаласында жеңіл көлік пен жанармай тасымалдаушы соқтығысып, үлкен өрт болды. 31 адам ажал құшып, 26-сы жарақат алды. Прокуратура мәліметінше, жүргізуші алдындағы көліктерден озамын деп жанармай тасымалдаушы көлікке соғылған. Жүк көлігі аударылып, жерге төгілген отын жанып кетті. Мысыр үкіметінің басшысы зардап шеккендердің емін өз бақылауына алып, қайтыс болғандардың туыстарына өтемақы төлеуді тапсырды.
Тегтер #Мысыр #көлік апаты #күдікті #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz