63 мың доллар. Жапонияда үшінші балаға осынша сома төленуі мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.
Заң жобасына Либералды-демократиялық партия бастамашы болды. Өйткені 123 млн халқы бар Күншығыс елінде былтыр небәрі 686 мың сәби дүниеге келген. Яғни демографиялық өсім 1 пайызға жетер-жетпес. Сол себепті бұл саясатты жүргізетін арнайы агенттік құрып, балабақшаларды тегін қылу ұсынылды. Бұған қоса мемлекет танысуға арналған мобильді қосымшаларды қаржыландырса, дейді. Заң жобасының авторлары бұл қадамдар халық санын арттыруға сеп болатынын айтады. Құжат алдағы күндері премьер-министр Санаэ Такаичиге жолданбақ.
Тегтер #Жапония #демография #бала #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz