Ал әлемдік нарықтағы бағалы металдар құны қайта көтеріле бастады.
Алтынның бір троя унциясы былтырғы тамыз айынан бері алғаш рет 3600 доллардан асты. Күміс те құлдырауын тоқтатып қана қоймай, бір унцияның құны 44 долларға жуықтады. Өзге бағалы металдар секілді платина да өсіп, 1300 доллардан асып жығылды. Оған жасанды интеллект саласындағы компаниялар акцияларының тұрақтануы себеп. Ғаламдық корпорациялардың жағдайы дұрысталғаннан кейін бағалы металдарға деген қысым да азайды. Себебі келесі айда АҚШ федералды резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені көтереді деген болжам басым.
Тегтер #алтын #металл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz