RU
Толық нұсқаға өту

Ормуз бұғазында 2 танкер отқа оранды

28.11.2026, 09:05 28

Ормуз бұғазында 2 танкер минаға жарылып, отқа оранды. Бұл туралы Иранның Ислам төңкерісі сақшылары корпусы мәлімдеді. Бір кеме Оманның Хасаб айлағына кірер тұста жарылды, деп хабарлайды 24KZ.

Екінші танкер бұғаздың шығыс жағында жүрген. Ирандық ақпарат құралдарының дерегі бойынша, өртенген кемелердің бірінің бортында 2 миллион баррельден астам шикі мұнай болған. Ресми Тегеран танкерлерді айқындау жүйесін сөндіріп, АҚШ авиациясының қорғауына сүйеніп, акваториядан жасырын өтпек болды деп айыптады. Әлемдік мұнайдың бестен бірі өтетін бұл стратегиялық дәліздегі тұрақсыздық жаһандық энергетика нарығына тікелей қауіп төндіріп отыр. Иран билігі өз талаптары орындалмайынша бұғаздың ашылмайтынын және Тегеранмен келісілмеген бағытпен жүретін кемелердің «заңды нысанаға» немесе минаға тап болатынын ескертеді. Бұғаздағы кеме қозғалысы бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 65 пайызға дейін төмендеп кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz