Түркияда 4 ғасырлық тарихы бар сауда орталығы табылды. Ежелде бұл мекенде сарай болған, деп хабарлайды 24KZ.
«Оның иесі нысандағы бөлмелерді жалға беріп пайда көріп отырды», – дейді ғалымдар. Орталықтың жанында тауарлар сақталған үлкен алаң да болған. Сауда орнының басшылығы кәсіпкерлер арасындағы даулы мәселелерді шешумен айналысқан көрінеді. Ежелгі сарай Күлтепе қаласының орнында табылды. Бұл мекен Ассирия патшалығының негізгі жол торабы болғандықтан, Қосөзенмен тауар алмасу қызу жүргізілді. Мәселен, жібек пен қалайыны алтын мен күміске алмастырған. Аймақта археологиялық қазбалардың жүргізіліп жатқанына 75 жыл болды. Осы аралықта ғалымдар ежелгі шаһардың тұрмыс-тіршілігі туралы 20 мыңнан астам жазба тапты.
Тегтер #24KZ #Түркия #сауда орталығы #тарихи нысан #археология #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz