RU
Толық нұсқаға өту

Германия қорғаныс саласына рекордтық көлемде қаржы бөледі

28.11.2026, 14:45 33

Өткен жылмен салыстырғанда әскери шығындар 140 млрд еуроға дейін өседі. Бұл – «қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Deutsche Welle агенттігі хабарлады, деп хабарлайды 24KZ.

Аталған шығын Бундестагта жалпы мемлекеттік бюджетпен бірге мақұлданды. Үкіметтің жалпы шығыны 556 млрд еуроны құрайды. Сонымен қатар билік мемлекеттік қарыз алу көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Арнайы қорларды есептегенде, оның көлемі 210 млрд еуродан асады. Негізгі шығындардың 30 пайыздан астамы әлеуметтік қамсыздандыру мен еңбек саласына бағытталады. Бұдан бөлек, бюджетте электр энергиясына салынатын салықты ЕуроОдақта белгіленген ең төменгі деңгейге дейін азайту қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz