Перудің солтүстігіндегі Пиура қаласында нөсер жаңбыр салдарынан көшелер мен даңғылдарды су басты. Мамандардың айтуынша, аймақтағы табиғи апатқа «Эль-Ниньо» климаттық құбылысы себеп, деп хабарлайды 24KZ.
Алдын ала есеп бойынша, 2 мыңға жуық үй бүлінді. Тұрғындарды эвакуациялау, азық-түлік жеткізу және жиналған суды сору жұмыстарына 250-ге жуық әскери қызметші мен құтқарушы жұмылдырылды. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік жағалауында, әсіресе Пиура және Тумбес өңірлерінде нөсер жауын жексенбіге дейін жалғасады.
Тегтер #Перу #нөсер #жаңбыр #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz