Йеменнің ең ірі қаласы Сана орталығындағы Әл-Тахрир ауданына әуеден соққы жасалып, 15 адам жараланды. Бұл туралы хуситтер қозғалысының денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Кейінгі мәліметке сәйкес шабуылдан 8 тұрғын үй, 3 дүкен және 1 жанармай құю бекеті қираған, деп хабарлайды 24KZ.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауданға бірнеше дронмен шабуыл жасалып, оның бірі зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіліп жатқан сәтте жарылған. Қызыл теңіз жағалауындағы Моха портындағы электр стансасына да соққы жасалып, өрт шықты. Хуситтер бұл шабуылдарды Сауд Арабиясы жасады деп мәлімдеді. Рияд бастаған коалиция таңертең Саудия астанасы мен оңтүстік өңірлеріне бағытталған хуситтердің зымырандарын атып түсіргенін хабарлады.
Тегтер #Йемен #порт #әуе #соққыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz